Саясат ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ ЕЛІМІЗДІ ЖАҢА ҚАДАМҒА БАСТАДЫ Редактор 07.12.2023 14768 1 оқу мин Ел тағдырына әрбір азамат жауапты. Шынында да, әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз елдің бүгіні мен ертеңі үшін маңызды. Осы орайда елімізде кейінгі жылдары болған саяси оқиғаларға көзқарасымды білдіру парызым деп санаймын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын тарихи құжат деп айтуға толық негіз бар. Президент Жолдауында алдымен биліктің бір қолда шоғырлануын шектеу бағытындағы өзгерістерге ерекше мән бергені бұдан кейін іске асатын барлық игі істердің бастауындай көрінгені тағы рас. Президент мемлекеттік қызмет саласына жаңа буын керек екенін де естен шығарған емес. Бүгінде Үкіметтің үш мүшесі – Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі. Жас мамандарды басшылық қызметке көтеру бойынша жүйелі жұмыс бұдан әрі де жалғаса беретініне сенемін. Қазіргі кезде еліміздің ең маңызды салаларында, атап айтқанда өңдеу, жаңа технология, денсаулық сақтау, биотехнология, энергетика, цифрландыру және білім беру бағытында жұмыс істейтін резервшілердің санын көбейте түскен жөн. Адал әрі жүйелі қағидаттар қалыптастыруды өмірлік кредосына айналдырған Президент мемлекеттік басқару жүйесіне енгізілуге тиісті әрі тиімді бастамаларды анық белгілеумен бірге саяси трансформацияның нақты жолдарын көрсетіп берді. Еліміз бір жыл ішінде көптеген демократиялық жаңғыруды бастан өткерді. Аз уақытта аса маңызды шаруалар атқарылды. Реформаны жүзеге асыру аясында Ата заңның 33-бабына және 7 конституциялық заң мен 15-тен аса заңға өзгеріс енгізілді. Қазақстан жаңа мемлекеттік модельге, билік пен қоғам-ның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшкенін осыдан-ақ аңғаруға болады. Хуршид Шарапов, Сауран ауданынының мәслихат депутаты Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Жыл қорытындысы: Ел экономикасының шикізаттық емес секторды дамыту, инвестиция тарту және бизнесті қолдау шараларын күшейту арқылы өсуі 1 оқу мин Саясат Жыл қорытындысы: Ел экономикасының шикізаттық емес секторды дамыту, инвестиция тарту және бизнесті қолдау шараларын күшейту арқылы өсуі 18.12.2024 17052 Қазақстан ФАТФ ұсынымдары аясында ынтымақтастықты нығайтуда 1 оқу мин Саясат Қазақстан ФАТФ ұсынымдары аясында ынтымақтастықты нығайтуда 17.12.2024 23227 Казахстан укрепляет сотрудничество в рамках рекомендаций ФАТФ 1 оқу мин Саясат Казахстан укрепляет сотрудничество в рамках рекомендаций ФАТФ 17.12.2024 23045