Саясат ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ ЕЛІМІЗДІ ЖАҢА ҚАДАМҒА БАСТАДЫ Редактор 07.12.2023 29421 1 оқу мин Ел тағдырына әрбір азамат жауапты. Шынында да, әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз елдің бүгіні мен ертеңі үшін маңызды. Осы орайда елімізде кейінгі жылдары болған саяси оқиғаларға көзқарасымды білдіру парызым деп санаймын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын тарихи құжат деп айтуға толық негіз бар. Президент Жолдауында алдымен биліктің бір қолда шоғырлануын шектеу бағытындағы өзгерістерге ерекше мән бергені бұдан кейін іске асатын барлық игі істердің бастауындай көрінгені тағы рас. Президент мемлекеттік қызмет саласына жаңа буын керек екенін де естен шығарған емес. Бүгінде Үкіметтің үш мүшесі – Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі. Жас мамандарды басшылық қызметке көтеру бойынша жүйелі жұмыс бұдан әрі де жалғаса беретініне сенемін. Қазіргі кезде еліміздің ең маңызды салаларында, атап айтқанда өңдеу, жаңа технология, денсаулық сақтау, биотехнология, энергетика, цифрландыру және білім беру бағытында жұмыс істейтін резервшілердің санын көбейте түскен жөн. Адал әрі жүйелі қағидаттар қалыптастыруды өмірлік кредосына айналдырған Президент мемлекеттік басқару жүйесіне енгізілуге тиісті әрі тиімді бастамаларды анық белгілеумен бірге саяси трансформацияның нақты жолдарын көрсетіп берді. Еліміз бір жыл ішінде көптеген демократиялық жаңғыруды бастан өткерді. Аз уақытта аса маңызды шаруалар атқарылды. Реформаны жүзеге асыру аясында Ата заңның 33-бабына және 7 конституциялық заң мен 15-тен аса заңға өзгеріс енгізілді. Қазақстан жаңа мемлекеттік модельге, билік пен қоғам-ның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшкенін осыдан-ақ аңғаруға болады. Хуршид Шарапов, Сауран ауданынының мәслихат депутаты Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 4663 День Каспийского моря отмечают в Казахстане: экологические инициативы объединили волонтеров семи стран 1 оқу мин Саясат День Каспийского моря отмечают в Казахстане: экологические инициативы объединили волонтеров семи стран 12.08.2026 4453 Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 1 оқу мин Саясат Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 03.07.2026 11592