
Оңтүстік Қазақстан облысында не шығарылмайды деп сұраған оңды болар еді. Бүгінде әр салаға қажетті өнімдердің барлығы дерлік өндірілуде деп айтуға толық негіз бар. Күнгейде шыны шығаратын зауыт та бар. «ЕвроКристалл» ЖШС-нiң тәулiгiне 80 тонна шыны балқытуға қуаты жетедi. Түрлi шыны ыдыстар шығаруға арналған жобаның бiрiншi кезеңi 2014 жылдың тамыз айында iске қосылған болатын. Инвестициялық сомасы 3,9 миллиард теңгенi құраған зауытта бүгiнде 253 адам жұмыспен қамтылып отыр. Бүгiнде түрлi шыны ыдыстарға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiкстан елдері мен Алматы, Қарағанды, Ақтөбе қалаларындағы бiрнеше кәсiпорын тапсырыстар түскен. Өндiрiс қуаттылығы жылына 225 миллион данаға дейiн шыны ыдыстарын шығаруға толық жетедi. Биылғы жылдың басынан бастап тәулiгiне 160 тонна шыны балқытатын тағы бір цех іске қосылған. Бүгінде облыста түрлі жемістерден шырын дайындайтын, қияр, қызанақ жауып шығаратын консервілейтін цехтар жұмыс істейтіні белгілі. Тапсырыстың көбісі солардан түседі. Германиядан әкелінген құрылғыларда шыныларды түрлі пішінде шығаруға мүмкіндік береді. Шыны ыдыстар беріктігімен бағаланады әрі сапасы өте жоғары. Өндiрiлген өнiмнiң сапасы арнайы құрылғының көмегiмен анықталады. Алдағы уақытта өндіріс қуаттылығын арттырмақ жоспарлары бар.