Оңтүстік Қазақстан облыстық соты жаңадан жұмысқа қабылданған жас мамандардың біліктілігін арттыруды, сондай-ақ студенттердің де келешекте атқаратын мамандығына сай бағыт бағдар беруді үнемі назарда ұстайды. Ол үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Жуырда «Білікті түлек-келешек кепілі» атты ашық есік күнін өткізді. Судьялар студенттерге өзгеріп жатқан заңнамалар мен тәртіптерді түсіндірді. Соттағы жаңа ақпаратттық технологиялар: аудио-бейне жазу, «Сот кабинеті» сервисі, «Төрелік» соттық бағдарламалар жұмысы да таныстырылды. Жастар өз сауалдарын қойып, келешекте өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктерін сұрады. Келелі кездесу облыстық сот төрағасы Нұрсерік Шәріп сот жүйесін реформалау мен судьялардың біліктілігін арттыру мәселесіне әрдайым жоғары талап қойылатынын айтты. Келешек тұтқасы жастарға жаңа заңнамаларды түсіндірді. Студенттер сот ғимаратындағы мұражайды аралап, қажырлы еңбек еткен судьялардың жұмысымен танысты. «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» реформасы сот жүйесіндегі инстанцияларды оңтайландыруға ерекше серпін берді. Кездесу барысында судьялар сот лауазымына кандидаттарды іріктеу талаптарын қатайту, судьялардың есеп беру тәртібін күшейту мәселелерін студенттермен бірлесіп талқылады. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Связанные истории
12.12.2016
28808
29.11.2016
38524