Бүгін өңір басшысы Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаевпен бірге, холдингтің еншілес компаниялары қаржыландырған бірқатар нысандарда болды.Жұмысшы топ, ең алдымен, «Асар» шағын ауданына барып, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдарды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің қолдауымен бой көтеріп жатқан көпқабатты үйлердің құрылысымен танысты. Бүгінгі таңда шағын ауданда 1496 пәтерден тұратын 5 қабатты 34 үйді 4 мердігер компания салуда. Өз кезегінде, басқарма төрағасы таныстырылған жұмыстарды оң бағалап, құрылысты сапалы әрі уақытылы істейтін мердігер мекемелерді қолдауға әрқашанда дайын екенін жеткізді. Жұмыс сапары барысында Ерболат Асқарбекұлы «Оңтүстік» индустриалды аймағына барып, матор майлары мен майлау материалдарын өндіру зауытының құрылысы жобасын көрді. Басқарма төрағасы ондағы «Бәйтерек» АҚ-ның еншілес компаниялары қаржыландыратын жаңа жобалармен танысып, жұмысына қанық болды. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «БалТекстиль» кілем фабрикасы да Е.Досаевтың назарынан тыс қалған жоқ.
Связанные истории
12.12.2016
28808
29.11.2016
38524