«100 нақты қадам» – қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта жаңғыруына, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін қолға алынған бағдарлама. Бүгінде әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін жасалып жатқан жұмыстар ұшан теңіз. Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 67 білім, 40 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін 40 білім беру, 1 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі. Денсаулық сақтау нысандары пайдалануға берілсе халықтың денсаулығының жақсаруына жасалып жатқан бір қадам деуге болар. Мұның барлығы да ел игілігі үшін жасалып жатыр. Биыл тұрғын үй саласы бойынша 57 нысанның құрылысы қарастырылған. Нәтижесінде жалпы алаңы 55,8 мың шаршы метрді құрайтын 951 пәтерлі 56 тұрғынүй пайдалануға берілетін болады. Облыс халқын сапалы инфрақұрылыммен қамту мақсатында облыстық бюджеттен 27 ауыз су жобасын іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде, су құбыры мүлдем болмаған 7 елдімекенге су жеткізіледі. 14 ауылда құбырлар толықтай жаңартылады. Табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 33 нысанның құрылысы қарастырылды. Жол салу мен қайта құру жұмыстары бойынша 23 нысанның құрылысы жоспарланған. Жыл соңына дейін 17 нысан пайдалауға беріледі деп көзделіп отыр.