Негізінде шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасына қосар үлесі қомақты. Сондықтан да бүгінде аталған салаға барынша қолдау көрсетілуде. Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев 19 қаулыға қол қойды. Қабылданған қаулы аясында құны 32,2 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобалалар іске асырылмақ. Ол үшін 100 гектардан астам жер телімі бөлінді. Атап айтқанда, күн сәулелік электростанса құрылысын салу үшін Арыс қаласы мен Сарыағаш ауданы аумағынан көлемі 71,8 га жер учаскесі бөлінсе, индустриялды аймақтардан құрылыс материалдарын өндіру, дизельді жанармай шығару, түсті металл бұйымдарын шығару және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу цехы үшін көлемі 42 гектар жер учаскесі пайдалануға берілді. Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығын күшейту және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында, өңірде 11 индустриялды аймақ құрылған. Қазіргі таңда, облыс бойынша индустриялды аймақтарда құны 201,3 млрд теңгенің 166 жобасы іске асырылуда. Олардың алдағы уақытта облыс қамбасын қомақтыландыруға көп үлес қосары сөзсіз.
Связанные истории
12.12.2016
28808
29.11.2016
38524