Ауыл аймақтың әлеуетін арттыру Ұлт жоспарының басты басымдықтарының бірі. Бұрын тек қалада ғана тұрғын үйлер салынып, әлеуметке беріліп келсе, енді биылдан бастап шалғайдағы ауылдарда да тұрғын үйлер бой көтеріп қоныс тойлары көбеюде. Биыл жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында 654 тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл басынан бері облыста 207881,2 миллион теңге инвестиция игерілген, оның ішінде 44,1 пайызы яғни, 91637,8 миллион теңгесі ауылдық жерлерге тиесілі. Қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың меншікті қаражаты болып табылады, олардың көлемі ауылдық жерлердегі инвестициялардың жалпы көлемінен 34,5% немесе 31604,9 млн. теңгені құрады. Ауылдық жерлерде игерілген инвестициялардың жалпы көлеміндегі республикалық бюджеттің үлесі 7,3%, жергілікті бюджет – 26,1%, банктердің кредиттері -1,4% және қарыз қаражаты – 30,8% құрайды. 2016 жылдың басынан жалпы алаңы 86,5 мың шаршы метрді құрайтын 654 тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысында жалпы алаңның 1 шаршы метрінің орташа құны 48,3 мың теңгені құрады. Тұрғын емес оъектілер бойынша осы кезеңде ауылдық жерлерде 7325 оқушы орынды 28 жалпы білім беретін мектеп, 1040 орынды 6 мектепке дейінгі мекеме, ауысымына 120 келушілерге арналған 1 амбулаторлық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.
Связанные истории
12.12.2016
28808
29.11.2016
38524