Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа кәсіптің көзі ашылды. Жібек құртын өсіріп, одан жіп иіріп кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұрындары жаппай жібек құртын өсіріп, пайда табу кәсіптің ең ірісі болатын. Дегенмен араға біраз жыл салып бұл тін үзіліп қалған еді. Бүгінде жеке кәсіпкер Оразкүл Бүкірова жібек құртын өсіруді қолға алып отыр. Жібек жіп иіретін арнайы цехы да бар. Мықты әрі әсем жіп иіріп, одан түрлі маталар тоқымақ. Сондай ақ алдағы жоспарларының ең басында кілем тоқу тұр. Ия бүгінде жібек кілемдер сәнге айналды. Әрі бағасы да удай. Теңіз асып, тау асып әкелінгеннен кейін бағасы айға ақырып тұр. Жібек құртының негізгі қорегі тұт ағашы. Сондықтан да алдымен тұт ағашын көптеп егіп, арнайы плантация жасаған. Бүгінде плантация жайқалып тұр. Қазірдің өзінде 21 гектар жерге тұқымбақ әзірлепті. Алдымен көшетті көбейтіп алып, сол жерден алып көбейтуді көздеп отыр. Өңірдің қысы да жайлы, көктем секілді жылы болатындықтан жібек құртын өсіруге оңтайлы болып тұр. Жібектен тоқылған мата өте бағалы саналады. Әрі қымбат тұрады. Сондай ақ жібек талшық мықты болғандықтан қорғаныс саласында, медицинада пайдаланылады. Ерекше кәсіп түрін қолға алған кәсіпкердің өнімін тұтынатын күн де алыс емес.
Связанные истории
12.12.2016
28808
29.11.2016
38524