Бүгін оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы Ошақты ауылында тұрғындар таза ауыз суға қолдарын жетіп, қуанышқа кенелді. Тәуелсіздіктің мерейтойы қарсаңында қос қуанышқа кенелгендеріне ауыл тұрғындары риза. Таза ауыз су көп жылдардан бері түйіні тарқатылмаған күрделі мәселенің бірі болатын. Көрші ауылдардан тасып ішкен тұрғындар енді алысқа сабылмайтын болдық деп қуанулы. Аталған игі іс мемлекеттік бағдарламаның аясында жүзеге асып отыр. Сарыағаш ауданындағы бір бұл ғана емес, Саттаров және Саңылау елдімекеніне де сапалы суы жеткізілді. Ауызсу тарту жұмыстарын жүргізген – «Үшсай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыстың сметалық құны – 150 млн. теңге. Игілікті іс аясында үш елдімекеннің 386 абонементі құбыр суына қосылды. Шара соңында аудан басшысы Абай ауылдық округіне қарасты елдімекендердің ардагерлерімен кездесті. Бұл да болса келешекті айқындап берген Ұлт жоспарының шарапаты.
Связанные истории
12.12.2016
28808
29.11.2016
38524