«Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне» мүше елдер арасында яғни, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Қазақстан елдері арасында «Жібек жолы бойынша бірыңғай туристік маршрут» әзірленгені белгілі. Ол бойынша аталған бағыттарға Түркістан қаласының туристік нысандары да енгізілген. Түркітілдес елдерден келетін туристердің басым бөлігі ең алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне табан тірейтіні белгілі. Сондықтан да туристік бағыт дәл осы бастаудан басталмақ. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени туризм және турне бағыттарында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, ол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің бойына қоғамдық нысандар салу бойынша жасалған талдау нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысына жергілікті жердің тарихи мұрасымен байланысты 3 қызмет көрсету нысанын салу жоспарлануда. Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек Жолының жүрегі ретінде дамытудың көрсетер көмегі көп болғалы тұр.