Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергеновтың қатысуымен мәжіліс өтті. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл қазақстандық кәсіпкерлерге үлкен нарыққа жол ашқанын жеткізді.«Одаққа мүше болғанға дейін облысымыздың Ресеймен сыртқы сауда айналым көлемі 2010 жылы 225,3 млн. АҚШ долларын құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,4 есеге артып 756,6 млн. АҚШ долларына дейін жеткен. Оның ішінде, экспорт 5,8 есеге өссе, импорт 2,2 есеге көбейген»,-деді облыс әкімі.Өз кезегінде, сөз алған министр Н.Алдабергенов өзі жетекшілік ететін комиссиядағы Еуразиялық экономикалық одақ аясында бәсекелестікті реттеу мәселелері туралы баяндама жасады.Жиын барысында, облыстағы тарифтердің қалыптасуы бойынша аймақ басшысының орынбасары Жақып Бөкенбаев баяндама жасады. Онда ол Оңтүстік Қазақстан облысында электр энергиясы тапшы екенін айтып, жетіспейтін бөлігі республиканың өзге аймақтарынан тасымалданатынын жеткізді.
Связанные истории
12.12.2016
28808
29.11.2016
38524