(жалғасы)
Сондай-ақ, Ж.Бөкенбаев Оңтүстік Қазақстан облысында тұтынылатын жылдық 1 млрд. м3 табиғи газдың 65 пайызын өндірістік мекемелер мен шағын орта бизнес өкілдері пайдаланатынын атап өтті.Яғни тариф бағасы, шығарылатын тауарлардың өзіндік құнының өсуіне алып келетіні рас. Ал ауыз су және жылу қызметтерінің тарифтері өндірілетін өнімнің өзіндік құнына, оның тауар айналымындағы бағасының жоғары болуына айтарлықтай әсерін тигізбейді екен.Оңтүстік Қазақстанда табиғи газ бен электр энергиясының тарифтерін қайта қарау қажеттігін айтқан Нұрлан Алдабергенов Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шығарылатын бәсекеге қабілетті өнімдердің қатарын көбейту қажеттігіне назар аударды.Мәжілісте жоғарыда аталған мәселелерге қатысты табиғи газ бен электр энергиясы тарифін мүмкіндігінше төмендетіп, еліміздегі аймақтар арасындағы бағалық айырмашылықты азайту мақсатында бірыңғай бағаны әзірлеп бекітуді және шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында коммуналдық тарифтерді субсидиялауды енгізу ұсынылды.