Үндеуде республика жастары Елбасы басшылығымен қол жеткізілген жетістіктер, оның шешуші факторы — бейбітшілік пен келісім болғанын жазып, Президенттің бастамаларын қашан да қолдауға дайын екендіктерін білдіреді.Айта кету керек, осы жылдын 4 қарашасында Талдықорғаннан бастау алған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы Алматыдан соң, үшінші болып, біздің облысымызда ұйымдастырылуда.Үш милионға жуық тұрғыны бар Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының 30 пайызын жастар құрайтын болғандықтан аталған шара жоғарғы денгейде өтті. «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы келесі кезекте Жамбыл облысында өтетіндіктен Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» — «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» кітабын еліміздің мақтанышы олимпиада жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен Назарбаев зияткерлік мектебінің белсенді оқушысы Берікболсын Сүлейменов салтанатты түрде табыс етті. Еліміздің барлық аймақтарында өтетін акция 28 қарашада Астанада қорытындыланып, мәресіне жетпек. Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам этнос өкілдері өмір сүреді. Облыс бойынша 20 этномәдени бірлестік, ал қалалар мен аудан орталықтарында олардың 51 филиалы қалыпты қызмет көрсетіп келеді. Этномәдени бірлестіктер жанында 11 жексенбілік мектептер, ақсақалдар кеңестері мен жастар қанаттары жұмыс істейді.