Ашылғанына көп уақыт өте қоймаса да инновациялық – технологиялық колледжі бүгінде облыстағы іргелі оқу орындарының біріне айналып отыр. Мұнда нағыз бүгінгі заманға сай техникалық мамандарды даярлап шығады. Жуырда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осы оқу орнының жұмыс барысымен танысқан болатын. Колледжде бүгінде 9 мамандық бойынша білім алады. Мұнда жалпы саны 970 студент білім алады. Ал мұндағы 122 студент 4 мамандық бойынша 2011 жылдан бері дуальды оқыту жүйесінің эксперименттік режимінде білімін шыңдауда.Оқу орнының тыныс-тіршілігін баяндаған колледж директоры Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы «Бозарық» шағынауданы аумағынан бой көтеретін «Қазақ инновация» университетінің макетімен таныстырды. Жаңа университет қалашығына бүгінде 150 гектар жер бөлініп, сәулеттік-құрылыс жобасы бекітілген. 10 мың студентке шақталып салынатын жоғарғы оқу ордасында медицина, химия-технология, жоғарғы бизнес мектебі бағыттары бойынша білім беретін болады. Сондай-ақ, оқу орны аумағынан тұрғын үйлер бой көтеріп, әлеуметтік нысандар салынады. Барлығы бір жерге шоғырланған нағыз заманауи қалашық бой көтереді.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498