Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан қаласының өнеркәсіп кәсіпорындары 6626,4 млн. теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 108,5 (обл.104,5) пайызды құрады. Бұл туралы 2016 жылдың 8-айының қорытындысы бойынша Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәліметті қаланың ресми сайты «Ашық әкімдік» жобасы аясында жариялап отыр. Оның ішінде, кен өндіру өнеркәсібі 248,3 млн.теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 109,1 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 5297,9 млн.теңгенің өнімін өндіріп, 106,6 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемі 762,5 млн.теңгені, 113,6 пайызды, сумен жабдықтау 317,9 млн.теңгені, 117,3 пайызды құраған. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 3973,4 млн.теңгеге 18 жоба енгізілді. Оларда 860 жұмыс орын ашу көзделген. Осыдан құны 2293,0 млн.теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылып, 519 жұмыс орны ашылды, оларда 786,1 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, жалпы өнеркәсіп өнімі көлеміндегі үлесі 10,5 пайызды құрады. 2016 жылы Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының Индустрияландыру картасына 18664,4 млн.теңгеге 7 жоба енгізу жоспарланған. Ағымдағы жылы құны 1074,4 млн.теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылып, оларда 197 жаңа жұмыс орны ашылады, толық қуатында жұмыс істегенде 3574,0 млн.теңгенің өнімі өндірілмек. 2017 жылы 2 жоба іске қосылып, 120 жұмыс орны ашылады, 9953,0 млн.теңгенің өнімі өндіріледі деп күтілуде.