Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданында әлеуметтік салада ілкімді істер атқарылуда. Аудан басшысы орталық ауруханаға арнайы жұмыс барысымен барып, аурухананың тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысты. Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы орталық аурухананың терапия, хирургия бөлімінде болып, науқастардың жағдайын біліп, емделушілердің қандай өтініш, талап-тілектері барын сұрады. Өз кезегінде ем алып жатқан науқастар аурухана қызметкерлерінің өз істеріне жауапкершілікпен қарайтындығын, дәрігерлер біліктілігінің арқасында денсаулықтары едәуір жақсарып қалғандығын айтып, аурухана ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп жатты. Сонымен қатар, орталық аурухананың бас дәрігері аудан басшысына биылғы жылы аудандық аурухана ғимаратына жөндеу жүргізу бағытында жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді. Жуырда аудан тұрғындарының игіліне берілгелі отырған 250 орындық емхананың құрылысын аудан басшысы аралап, жаңа ғимараттың жай-күйімен танысты. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов сала басшысына емхана ғимаратын қабылдау барысындағы жұмыстарына сергек қарап, кемшілктерге жол бермеуді тапсырды. Ұлт жоспарының басым бағыттарының бірі әлеуметтік салаға көбірек көңіл бөліп, ұлт саулығына басымдық беру. Осыған орай ауданда біршама тындырымды тірліктер атқарылуда. Заманауи емхананың пайдалануға берілуі де салаға жасалып жатқан жағдайдың бір көрініс болса керек.