Жері шұрайлы, азаматтары еңбексүйгіш, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ордабасы өңірі Тәуелсіздігіміздің 25 жылында тұрақты даму жолына түсті. Еліміздің ілгері басуына өзіндік үлесін қосып келеді. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 357 гектарға артып, 54 357-ні құрады. Өткен жылмен салыстырғанда мақтаның егістігі 62 пайызға, бидай 32, картоп 3,7 пайызға ұлғайды. Биылғы жетістік 30 мың 259 тонна — бидай, 15 мың 28 тонна — мақта, 68 мың 650 тонна көкөніс пен 43 мың 500 тонна бақша өнімдерін жинады. Нәтижесінде 5 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды. Сондай-ақ, мұнда қарқынды бау, жылыжай ісі де жүйелі қолға алынған. Облыс қазынасына қомақты үлес қосып отыр.
Связанные истории
12.12.2016
29008
29.11.2016
38682