Шымкент қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызметкерлері үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен баланы тапты. Аталған оқиға ақпан айында күндізгі уақытта орын алған. 11 жастағы жасөспірімнің ата-анасы дабыл қағып, полиция қызметкерлердің көмегіне жүгінді.
Жедел басқару орталығы мен патрульдік полиция полкінің инспекторлары барлық күштерді жұмылдырып, тез арада жоғалған баланың ізіне түсті.
Нәтижесінде бала аман-есен отбасына оралды.
Өз кезегінде, баланың анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.