Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық орталық аурухана ұжымы Мырзахметов Анарбай ақсақалдың шаңырағына арнайы барып жағдайымен танысып, мерекемен құттықтап қайтты. Соғыс ардагерінің денсаулығын тексеру мақсатында невропатолог, лор, окулист, уролог, жалпы тәжірибелі дәрігері барып, медициналық кеңес беріп қана қоймай, диагностикалық тексеру жүргізді. Электрокардиографияға түсіріп, қан қысымын өлшеді. Ардагердің жалпы жағдайы жақсы екендігіне көз жеткізді.
Бұл медицина қызметкерлерінің соғыс ардагерлеріне деген қамқорлығы мен ілтипатының тамаша үлгісі. Анарбай Мырзахметов ақсақалдың шаңырағына бару – оның соғыс жылдарындағы ел қорғау ісіне қосқан үлесіне құрмет пен қошеметтің белгісі. Мұндай бастамалар ардагерлердің рухани әл-ауқаты мен денсаулығын қолдауға көмектеседі және олар өздерін қоғамның маңызды және құнды мүшесі ретінде сезінеді. Қазығұрт ауданына қарасты Қарабау елді мекенінің тұрғыны 97 жастағы Мырзахметов Анарбай Ұлы отан соғысының ардагері 1944 жылы соғысқа аттанып, Польшаның Варшава қаласына барып 1-ші Белорусь фронтына қатысқан, ол кезде пулеметші болған. Одан кейін Одер, Эльба өзені, Магденбург, Берлин қалаларында борышын өтеген.
Соғыс ардагерін кешенді медициналық тексеруден өткізу – неврологиялық тексеруден бастап қан қысымын өлшеуге және электрокардиографияға дейін – ықтимал ауруларды анықтау және дер кезінде емдеу үшін маңызды профилактикалық шара болып табылады.
Мұндай шаралар ардагерлердің денсаулығын сақтаумен қатар, түрлі аурулардың алдын алуға септесері сөзсіз. Ардагер Мырзахметов Анарбай ақсақал көтеріңкі көңіл күй сыйлаған аурухана басшылығы мен ұжымына тілек алғыстарын жеткізді. Аурухана ұжымы Отан үшін жанқиярлықпен шайқасқан қадірменді қарияны ешуақытта да назардын тыс қалдырмайтындығын, алдағы уақытта да осы бағыттағы прфилактикалық шаралар жалғасын табатындығын айтты.