Жуырда Түркістан облысына қарасты Шардара аудандық орталық емханасында мейірбике қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты іс-шараға Бас мейіргер Б.Шамшидинова, акушер-гинекеолог А.Халикова, кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Тажбикеева, эпидемиолог дәрігер Г.Алдабергенова төрағалық етіп, іс-шараны бастады. Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіп, қошемет көрсететін уақыт қай кезде де жарасымды. Өз өмірін өзгенің денсаулығына қамқорлық жасауға арнайтын мейіргерлер расында құрмет көрсетуге лайық.
Медбикелер емдеу мен оңалтудың барлық кезеңдерінде пациенттерге күтім мен қолдау көрсете отырып, барлық деңгейдегі денсаулық сақтау жүйесінде шешуші рөл атқарады. Олардың жұмысы ауыр және жауапты, оларсыз ешбір медициналық ұйымның жұмысын елестету мүмкін емес. Олар пациенттерге қажетті медициналық көмек көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар өмірінде қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқандарға барынша қолдау көрсетеді. Сондықтан сала мамандары, аурухана менеджерлері, мемлекеттік денсаулық сақтау органдары немесе басқа мүдделі тараптар олардың жұмысын мойындауы және бағалауы, қолдау көрсетуі және кәсіби өсуі мен әл-ауқаты үшін жағдай жасауы керек. Халықаралық медбикелер күні – бұл қамқорлығы мен еңбекқорлығының арқасында науқастарға шипа дарытқан осы тамаша адамдарға алғыс пен құрмет көрсету мүмкіндігі. Шардара аудандық орталық емханасында аталмыш іс-шараға қалалық емхана және дәрігерлік амбулаторияның медбикелері қатысып, іс-шара соңында, арнайы жүлделі орындармен және кәсіподақ ұйымы атынан арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жиын соңында бас мейіргер Б.Шамшидинова барлық мейіргерлерді мерекелерімен құттықтап, іс-шараны қорытындылады.