Түркістан облыстық балалар ауруханасына өңірдегі барлық аудандардан өте күрделі жағдайдағы науқастар көптеп келіп түседі. Өйткені облыстағы білікті дәрігерлердің шипалы емінің арқасында талай науқасты сауықтырып, қатарға қосып келеді. Жуырда Сайрам аудандық ауруханасынан ауыр халде 11 жастағы бала жеткізілді. Дерті асқынған баланы санавиациямен жеткізуге тура келген. Анасының айтуынша, бала тумысынан жүрек ақауына шалдыққан.
Науқасты жансақтау бөліміне қабылдау кезінде баланың жүрек ырғағының тым баяулап, тыныс алуының бұзылуына байланысты жағдайының өте ауыр екені байқалды. Қабылдау барысында дәрігерлер баланың денсаулығының айтарлықтай нашарлауын, жүрек соғуының баяулауымен және тыныс алу проблемаларымен байланысты екенін атап өтті. Бала жүрек жеткіліксіздігі және өкпе қысымының жоғарылауы белгілерімен түсті. Жүрек соғу жиілігі минутына 90 соққыға жетті, бұл жүректің ауыр проблемаларын көрсететіні белгілі. Баланың жағдайы дереу дәрігерлік көмекті қажет ететіндіктен сондықтан ол шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды.
Дәрігерлер бригадасы баланың жағдайын тұрақтандыруға бағытталған шұғыл емдеу шараларын жүргізді. Дәрігерлердің кәсібилігі мен тиімді жұмысының арқасында балаға қажетті көмек көрсетіліп, оның сауығу мүмкіндігі артты. Бұл жағдай дер кезінде медициналық көмек көрсетудің маңыздылығын және облыстық емдеу мекемелерінде білікті мамандардың болуын көрсетеді.
Жағдайдың күрделілігін ескере отырып, бас дәрігердің орынбасары Алмат Байсаловтың, кардиохирургтардың, кардиологтардың, кардиологиялық реаниматологтардың қатысуымен шұғыл түрде консилиум өтті. Науқас баланың жағдайын тұрақтандыру үшін дәрігерлер оны жансақтау бөлімінде бақылап, қажетті емдеу шараларын жүргізді. Нәтижесінде ашық жүрекке операция жасау туралы шешім қабылданды.
Төрт сағатқа жуық уақытқа созылған күрделі операцияда хирургтар жүрек-өкпе аппараты арқылы науқастың жүрегін уақытша тоқтатты. Операция сәтті өтті, қарыншалық перде ақауы жабылып, баланың жағдайы тұрақтанды. Медициналық ұжымның кәсібилігі мен тиімділігінің арқасында бала сауығып, әрі қарай өмір сүруге мүмкіндік алды.
Жүрек ақауымен туылған бала білікті дәрігерлердің арқасында қатарға қосылды. Жалпы бала емдеу мекемесінде 50 күндей болды. Оның ішінде жансақтау бөлімінде 30 күн жатты. Сәтті өткен отаның арқасында жағдайы тұрақталған кішкентай науқас үйіне шығарылды. Алдағы уақытта тұрғылықты жері бойынша кардиологтың бақылауында болатын болады. Бүгінгі таңда баланың жағдайы жақсарып, дертінен айықты. Ата-анасы ақ халатты абзал жандарға алғыстарын жаудырды. Баласын уайымдап ұйқысыз өткен түндердің артта қалғанын айтқан анасы көз жасына ерік берді. Мұның барлығы да әрине қуаныштың көз жасы екендігі анық. Өз кезегінде дәрігерлер науқастарды толық емдеп шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтындықтарын айтты. Алдағы уақытта баланың күтімі жайлы толық ақпарат берді.