Бүгінде Түркістан облысы медицина ұйымдарының дәрігерлерінің білімі мен біліктілігін арттыру үшін түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылуда. Ол үшін жоғары білікті мамандар дәріс оқуда. Жуырда облыстағы емдеу мекемелерінің мамандарына Түркістан облыстық балалар ауруханасында «Балалардың бронх демікпесі. Балалар аллергологиясындағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарға Астана медициналық университетінің аллергология курсының балалар аурулары кафедрасының профессоры, Розенсон Рафаил Иосифович қатысып, дәрістер оқыды.
Шара барысында профессор Рафаил Иосифович Розенсон кеңінен әңгімелеп, осы тақырып бойынша дәріс оқыды. Розенсон – Астана медицина университетінің аллергология курсының балалар аурулары кафедрасының беделді маманы және профессоры, оның педиатрия және аллергология саласындағы білімі мен тәжірибесі іс-шараға елеулі мән берді әрі дәріс тыңдаушыларға мол мағлұмат беріп, білімдерін жетілдіруге септігін тигізді.
Семинар балалардағы аллергия және бронх демікпесі мәселелеріне қызығушылық танытқан әртүрлі медициналық мамандықтардың дәрігерлерін біріктірді. Шара барысында аталған ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алудың заманауи әдістері талқыланып, осы саладағы тәжірибе мен озық тәжірибе алмасулар болды. Бұл қатысушыларға білімдері мен дағдыларын кеңейтуге, аллергиялық және бронх демікпесі бар балаларға медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
Мұндай семинарларды өткізу медициналық қауымдастықтың кәсіби біліктілігін арттырудың маңызды бөлігі болып табылады және өңірдегі аллергиялық және респираторлық аурулармен ауыратын балаларға медициналық көмек көрсету деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Бұдан кейін профессор «Аллергиялық ринит: классикалық және ерекше түрлері», «Жіті және созылмалы есекжем: заманауи фенотиптер және ауру ағымын басқару әдістері» тақырыптары бойынша лекция оқыды, сонымен қатар, пациенттерді көріп, кенес берді. Алдағы уақытта осы бағыттағы шаралар жалғасын табатын болады.