Түркістан облыстық клиникалық аурухана дәрігерлері тұрғындарды түрлі сырқаттардың алдын алу, денсаулыққа қауіпті дүниелердің алдын алу шараларын үздіксіз жүргізіп отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарында одан бөлек тұрғындар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын үзбей жалғастыруда.
Облыстық клиникалық ауруханасының Эндоскопия бөлімінің меңгерушісі Н.С.Жақыпов пен дәрігер эндоскопист А.А.Ниязалиев асқазан –ішек жолдарында бөгде заттардың түсуі салдары неге апарып соқтыратыны туралы түсіндірме насихат жұмыстарын жүргізді. Кейде адамдардың салғырттығынан түрлі заттарды байқамай жұтып қойып жатады. Ал балаларға дұрыстап қарамаудың салдарынан жылтыраған затты аузына салып көруі, соңынан жұтып қоюы жиі кездеседі. Мұндай оқыс жағдайлар жас балалар мен қарт адамдар арасында жиі жолығады. Әсіресе кішкентай балалар жарқыраған және жылтыр заттарды мәселен тиындар, түйреуіштер, түймелерді жұтып қойып жатса, егде жастағы қарт адамдар қатты тағамның фрагменттері және тағы басқа сүйектер, протездердерін жұтып қойып жатады. Көбінесе бөтен денелер өңеште, физиологиялық және патологиялық тарылулар мен дивертикулалар бар жерлерде тұрып қалады. Ең қауіптісі — үшкір, ұзын және қатты заттарды жұтып қою. Кейде балықтың қылтығы тамақта тұрып қалып, жұтыну қиындап кетеді. Соңғы әлетте мұндай жағдайлар жиі кездеседі, ауруханада дәл осындай жағдайлармен түсіп жатқандар баршылық. Сонғы онжылдықтардағы эндоскопиялық жабтықтың жылдам жетілдірілуі және озық технологиялардың енгізілуі өңеш пен асқазаннан бөгде денелердің басым бөлігін еш қиындықсыз алып тастауға мүмкіндік береді. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Эндоскопиялық аппараттардың ең соңғы үлгідегі озық жабдығымен жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде науқас тексерілу барысында ауырсынуды сезбейді де. Эндоскопия бөлімінің меңгерушісі Н.С.Жақыпов Асқазан-ішек жолына бөгде заттың түсуін болдырмау үшін келесі ұсыныстарды сақтау қажеттігін айтады. Ол үшін ұйықтар алдынында тіс протездерді алып тастау, балаларға кішкентай ойыншықтарды, тиындарды, дискілік батареяларды, түймелерді және т.б. бермеңіздер, қаламдар, қарындаштар, шегелер және басқа заттарды аузыңызда ұстамасын, психикасы бұзылған адамдарға қауіпі заттарды қалдырмаңыз.
Ең бастысы, егер бөтен зат асқазан-ішек жолына түссе, дереу дәрігермен кеңесу керек (кептелген затты өз бетіңізше алуға тырыспаңыз, еш бір жағдайда іш жүргізетін дәрілерді қабылдамаңыз, клизма қолданбаңыз деп қатаң ескертеді. Аталмыш заттардың барлығы да қауіпті. Сондықтан да қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет-ақ. Одан бөлек, кішкентай балалардың уксус, марганцовка ішіп қоюы да жиі кездеседі. Бұл өз кезегінде асқазан ішек жолдарын күйдіріп жібереді. Тіпті кей жағдайда өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін. Сондықтан да барынша сақ болған жөн.