2024 жылдың 24 мамырында Медицина қызметкерлері күні және Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай Түркістан облысының емдеу мекемелері арасында шахматтан облыстық турнир ұйымдастырылды. Шара облыстың медицина саласының өкілдерін жинап, олардың зияткерлік қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, кәсіби мерекелерін атап өтуге мүмкіндік берді.
Спорттық шараның ашылуына аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Ахмұратов, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Г.О. Зиябеков пен Ордабасы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б.С. Сағымбеков қатысты. Олар шахматтың стратегиялық ойлау мен зейінді дамытуға ықпал ететін зияткерлік спорт түрі ретіндегі маңыздылығын айтып, құттықтау сөздерін айтты, бұл дәрігерлік кәсіпте өте пайдалы.
Турнир әр түрлі мекемедегі және әртүрлі жастағы медицина қызметкерлерін жинап, жылы және достық жағдайда өтті. Бұл шара тек байқау ғана емес, Түркістан облысы дәрігерлері арасындағы қарым-қатынас, тәжірибе алмасу және кәсіби байланысты нығайту алаңына айналды. Дарындылардың ойыны саналатын шахматты кез-келген адам ойнай алмайтыны белгілі. Ол белгілі бір деңгейде ақ ой озықтығын қажет етеді. Шахматтағы әр фигураның орны мен жүрісін жақсы білуоңай емес. Қарсыластың қалт кеткен тұсын дөп басу да нағыз шебердің қолынан келсе керек. Нағыз таланттар ғана жеңімпаз болады бұл ойында. Дәрігерлер бұл ойында қаражаяу емес екендіктерін көрсетті. Науқасты емдеуде шеберліктерін көрсетіп жүрген ақ халатты абзал жандар шахмат ойынында да өздерінің озат екендіктерін көрсетті. Тартысты өткен шахмат сайысының қортындысы бойынша Түркістан облысы мекемелері медицина қызметкерлерінің арасында ер кісілер арасында бірінші орын Ордабасы аудандық орталық ауруханасы, екінші орын Облыстық клиникалық аурухана, үшінші орын Облыстық балалар ауруханасы жеңімпаз атанды.
Ал қыз-келіншектер арасында бірінші орын Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы, екінші орын Ленгір қалалық емханасы, үшінші орын Түркістан ОПЦ 3 жеңімпаз атанды. Түркістан облысы бойынша турнирге ерлер арасында 15 аудан, қыз-келіншектер арасында 12 аудан медицина мекеме қызметкерлері қатысты. Олардың барлығы шебер ойын өрнегін көрсетті. Алдағы уақытта медицина қызметкерлері арасында спорттық шаралар жалғасын табатын болады.