Түркістан облысына қарасты аудандағы ауруханаларда маусымдық және қауіпті аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жуырда Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметкерлері жұқпалы аурулар бөлімінің медицина қызметкерлерімен бірге Мақтаарал аудандық «Мырзакент» ауруханасында ауа-тамшылы инфекциясы, көкжөтел, менингококк инфекциясы және қауіпті Конго-Қырым сияқты аурулардың алдын алу мақсатында, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралары семинар сабағын өткізді.
Семинарда жұқпалы аурулардың таралуының алдын алудың маңызды аспектілері, ерте анықтау және тиімді емдеу әдістері талқыланды. Аурухана жағдайында да, күнделікті өмірде де уақытылы вакцинациялаудың және санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Медицина қызметкерлері осы аурулармен күресудің жаңа хаттамалары мен ұсыныстарымен танысып, сақтық шараларын жетілдіру бойынша тәжірибе алмасты. Халықты инфекцияның алдын алу жолдары туралы ақпараттандыру және иммундық жүйені нығайтудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен медициналық мекемелердің мұндай ынтымақтастығы мен білім алмасуы қауіпті инфекциялардың таралуына қарсы күресте және халықтың денсаулығын сақтауда маңызды қадам болып табылады.
Бұдан бөлек, Мақтаарал аудандық санитариялық бақылау басқарма мамандары «Абай» дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлерімен «Ауа тамшы арқылы берілетін инфекциялық аурушаңдығының, оның ішінде «Менингококк инфекциясының» алдын алу жөнінде семинар өткізілді. Бұл шара медициналық мекемелерде жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап көрсетеді. Мақтаарал аудандық санитарлық бақылау бөлімінің мамандары Абай атындағы емхананың медицина қызметкерлерімен бірлесіп өткізген семинар науқастар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады.
Менингококк инфекциясы сияқты ауа-тамшылы инфекцияларының алдын алу халықтың денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады. Семинарда инфекциялардың таралуының алдын алу әдістері, гигиеналық нормалар мен қауіпсіздік шараларын сақтау ережелері, сондай-ақ вакцинация және ерте диагностика мәселелері талқыланды.
Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және медициналық мекемелерде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Семинардың нәтижелері инфекциялардың алдын алу және пациенттер мен медицина қызметкерлерінің денсаулығын қорғау бойынша тиімді күш-жігерге әкеледі.