Дәрігерлер күн сайын өліммен бетпе бет келеді, мүлде бейтаныс адамдардың өмірі үшін күресу бұл олардың жұмысы әрі міндеті. Әрбір хирург жылына 200-ге жуық адамның өмірін сақтап қалады және ол орта есеппен 35-40 жыл жұмыс істейді, сондықтан тек хирург дәрігерге ғана қанша адам өмірі үшін қарыздар екенін есептей беріңіз. Бүгінде Түркістан облысы бойынша медициналық мекемелерде қаншама хирург жұмыс істейді. Қанша неонатолог, реаниматологтар бар. Ал бұл кәсіптен романтизмнің шаңын қағып алсаң, тынығусыз, ауыр да азапты, тозақтық жұмыс.
Бір науқастан кейін бір науқас айналып келеді де тұрады. Бір отадан кейін екінші ота. Әрі барлық отада дәрігерлер тәуекелмен кіріседі. «Мен осы отаны жақсы өткізіп алайын, содан кейін демаламын», — деп ойлайды олардың әрқайсысы. Бірақ шеңбер сияқты бәрі де айналып келеді де тұрады, келеді де тұрады. Мұндай қиын жұмысқа шын мәнінде төтеп беретін адам сирек. Біздің хирургтардың орташа жасы шамамен 55 жасты құрайды. Мұның ішінде медициналық оқу орнындағы ұзақ жылғы оқуды қосыңыз. Қиын да күрделі жұмыс болғандықтан әр күн сайын тәуекелге бел буып, адам өмірін сақтап қалып жатқан әрбір дәрігерге науқастардың барлығы да қарыздар. Бүгінде Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 2 хирургиялық бөлім бар. Мұндағы дәрігерлердің барлығы да жоғары білікті. Жыл сайын шетелдерге барып, білімдерін жетілдіріп отырады. №1 хирургия бөлімшесі асқазан-ішек жолдары ауруларына шалдыққан науқастарды соңғы технологияларды пайдалана отырып, ең заманауи деңгейде емдейді. Бөлімшеде 45 төсектік орынға лайықталған. Қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі. Бөлімше қызметкерлері асқазан-ішек жолдарының аурулары кезінде жедел және жоспарлы хирургиялық көмек көрсетеді. Хирургия бөлімінде кеуде және іш қуысына шұғыл хирургиялық араласудың барлық түрлері, жарақаттар мен ауруларға оталар жасалады.
Мұнда Жоғары мамандандырылған медициналық қызметкерлер жұмыс атқарады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы жабдықтармен қамтылған. Мұнда хирургиялық ересектер үшін 40 төсек, тамыр хирургиясы ересектер үшін 10 төсек бар. Бөлім қала және облыс тұрғындарына тәулік бойы шұғыл хирургиялық көмек көрсетеді. Түрлі модификациядағы асқазан резекциясы грыжа емдеу, колонэктомия, ішек резекциясы, аппендэктомия, ішек өтімсіздігін жою, лапаратомия. Асқазанның және он екі елі ішектің тесілген ойық жарасын тігу, Флегмоналар мен абсцесстердің ашылуы, Кіші колики фистулалары мен стомаларын жою, Парапроктологиялық жарықтарды жою және анальды жарықтарды кесу, маститті емдеу оталары жасалады. Мамандардың жоғары біліктілігі үшін алғыс айтушылардың қатары қалың.