Колледж студенттері арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында осы мәселемен күресу мақсатында семинар ұйымдастырылды. Шараға Түркістан облысына қарасты Арыс аудандық орталық ауруханасының нарколог дәрігері Г.Алгиева мен медбике Ж. Жұмабаева қатысты. Мамандар нашақорлықтың салдарын, нашақорлықтың алдын алу әдістерін талқылап, салауатты өмір салтын сақтау бойынша ұсыныстарын айтты.
Семинар барысында Арыс қаласындағы №17 колледж студенттеріне есірткінің ағзаға және психикалық денсаулығына зияны, сонымен қатар нашақорлықтың әлеуметтік және құқықтық салдары туралы айтылды. Бұл оларға есірткіні қолданбаудың маңыздылығын жақсырақ түсінуге және денсаулықты сақтау туралы саналы шешім қабылдауға мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шаралар жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға ғана емес, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді. Осы тақырып бойынша тұрақты семинарлар мен ағарту іс-шаралары нашақорлықпен күресу және салауатты қоғам құрудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.