Бүгінде аллергиялық аурулар және атопиялық дерматиттің көбйеіп бара жатқаны белгілі. Сондықтан да денсаулық сақшылары аталмыш ауруларды болдырмау жолдары, аурудың алдын алу шаралары туралы ұдайы семинарлар ұйымдастырылуда.
Жуырда Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аудандық «Мырзакент» ауруханасының педиатр-дәрігері Тастанова Қызжібек Әліқұлқызы «Атопиялық дерматит» тақырыбында аурухана дәрігерлеріне семинар өткізді. Семинарда бұл аурудың генетикалық және аллергиялық себептері, атопиялық дерматиттің әртүрлі түрлері, диагностикалық әдістер, сонымен қатар науқастардың жағдайын жақсарту үшін диетаны өзгерту туралы айтылды.
Семинар барысында Тастанова Қызжібек Әліқұлқызы балалардағы атопиялық дерматиттің дамуына ықпал ететін генетикалық факторларға кеңінен тоқталды. Ол отбасында аллергиялық аурулардың болуы дерматиттің даму қаупін айтарлықтай арттыратынын атап өтті.
Аурудың өршуін тудыруы мүмкін аллергиялық себептер мен триггерлерге ерекше назар аударылды. Дәрігер атопиялық дерматитті тиімді емдеу және алдын алу үшін аллергендерді дұрыс диагностикалау және анықтау қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Сондай-ақ дерматиттің негізгі түрлері және олардың ерекше белгілері қарастырылды.
Семинар атопиялық дерматит белгілерін азайтуға көмектесетін диеталық өзгерістерді талқылаумен аяқталды. Дәрігер ықтимал аллергендерді жоюға және балалардың сау терісін сақтауға бағытталған диета бойынша ұсыныстармен бөлісті.