Бүгінгі таңда Адам папиллома вирусын емдеудің жолы жоқ, оны емдеп жазу мүмкін емес. Ал алдын – алудың бірден – бір әдісі-бұл вакцинация. Соңғы әлетте әйелдер арасында жатыр мойны обыры етек жайып барады. Аталмыш қатерлі аурудың дамуына әйелдің Адам папиллома вирусы инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми түрде дәлелденген. Сондықтан да қауіпті де қатерлі аурудың алдын алу мақсатында арнайы жұмыстар атқарылуда.
Соның бірі 2024 жылғы күзден бастап Қазақстанда 11 жасар қыз балаларға Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау жүргізілетін болады. Осыған орай бүгінде Түркістан облысына қарасты барлық аудандарда үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Ата-аналарға аталмыш вакцинаның тиімділігі түсіндірлуде. Адам папиллома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы болып табылады. Аталмыш вирус жылдам таралуымен де қауіпті. Қатерлі ісікке айналатын қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісік дамытуымен де қауіпті. Сондықтан да аталмыш вакцина қауіпті бетін қайтаруда таптырмас құрал болып отыр. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық орталық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері Ш.Л.Дауренбекова «Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау» тақырыбы бойынша медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Вакциананың артықшылықтары туралы кеңінен әңгімеледі. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияны мектептерде немесе тіркелген мекен жайы бойынша емханаларға барып салдыруға болады. Аталмыш медицина ұйымдарындағы екпе кабинеттері арқылы тегін негізде қолжетімді. Вакцина салар алдын пациент толық тексеруден өткізіледі.
Аталмыш вакцинацияға қарсы көрсетілімдері болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін ғана салынатын болады. Ескере кетер бір жәйт ата – аналарының немесе қамқоршыларының хабарланған ақпараттандырылған келісімімен ғана жүзеге асырылады. Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Әрі осы уақытқа дейін қарсы көрсетілімдері болмаған. Әлемнің 135 мемлекеттерінде жасалынады. АПВ вирусы адамнан адамға тұрмыстық жанасу, жыныс жолдармен, тікелей жолмен туу кезінде жұқтыру жолдары арқылы беріледі.
Ең қарапайым жолы мәселен, тұрмыстық жанасу жолмен яғни, қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар арқылы берілуі мүмкін. Оның үстіне қауіпті вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – сауналарға, моншаларға, спорт залдарына, дәретханаларға, бассейндерге барғанда гигиеналық талаптарды толық сақтаған дұрыс. Демек сақтанғанды ғана сақтайтынын есте ұстаған жөн. Ең көп таралған түрі жыныстық жолмен берілетіндігі. Вирустардың онкогенді типтері жыныстық жолмен берілгенде жыныс мүшелері аймағында орналасатын ұшы сүйір сүйелдерді тудырады.
Қырынғанда немесе эпиляция кезінде де өте сақ болған жөн. Аталмыш вакцина дельта тәрізді иық бұлшықет ішіне енгізіледі. Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі. Алдағы уақытта әйелдер арасында жиі кездесетін жатыр мойны қатерлі ісігі және де басқа қауіпті дерттер көрсеткіші азаяды деген сенім бар.