Жасырары жоқ бүгінде есірткі бағытында қылмыс саны көбейіп барады. Әсіресе жастар арасында белең алып бара жатқаны жасырын емес. Бүгінде жастар оңай жолмен ақша тапқысы келеді, бір сәтте-ақ қолдарына мыш-мыш ақша ұстап байып кеткісі келеді. Әсіресе студенттер. Олар түрлі жолдарды саралап көреді. Оқудан бөлек қосымша жұмыс істеп, нәпақа табады. Кейде көп ақшаға қызығып мол ақша табу мақсатында қылмысқа да барып жатады.
Жұмыс іздеп жүрген жастарға жарнама арқылы немесе телеграмм каналы яғни, әлеуметтік желілер арқылы ұсыныс көп келеді. Жарнама берушілердің түрлі «кілт сөздері» көп. Басында олар тек қана белгілі бір затты тасумен айналысасыз дейді. Яғни, курьерлік қызмет ұсынады. Дәрі-дәрмек, немесе киім кешек, тағамдарды жеткізіп бересіңдер деп ұсыныс айтады. Соңында жастар қылмыстың құрығына іліккенін білмей қалады. Әрине заңды білмеу, жауапкершіліктен босатпайтыны белгілі. Жастардың басым бөлігі ұсталғанда біз бұл істің заңсыз екенін білмедік деп ақталғысы келеді. Есірткіге қатысты жұмыстың заңды-заңсыз екенін біліп-білмейтіні назарға алынбайды. Бұл жағдай оны жауапкершіліктен босатпайды. Қолға түскен сәттен ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ақшаға қатты мұқтаж едім, туысқанымның еміне ақша қажет болды деп ақталу жауапкершіліктен босатпайды. Есірткіге қатысты кез-келген қылмыс бас бостандығын шектеумен аяқталады. Есірткіні тұтыну да, оны тарату да қылмыстың үлкені болып табылады. Мемлекет басшысы өз жолдауында «Есірткінің ұлт денсаулығына үлкен зиян әкеліп тұрғанын және синтетикалық есірткіні өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпы ұлттық деңгейде жүруі тиіс» деп айтқан болатын. Сондықтан жа бүгінде жастар арасында есірткі қылмысына, нашақорлықтың алдын алуға қатысты түрлі түсіндірме жұмыстары кең ауқымда жүргізілуде. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Шардара ауданы №16 колледж мәжіліс залында, білім алушы студенттермен аудандық аурухананың нарколог дәрігері Г.Тойтанова және спикер тренер-консультант «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Байзахова Сабира Мұратқызымен, спикер тренер-консультант “Жігерлі ел” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әбдінәбиева Ақмарал Қалмаханқызының қатысуымен семинар-тренингтер өткізілді. Аталмыш шара «Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылып отыр. Аудандық орталық аурухананың нарколог – дәрігері есірткі тұтыну, нашақорлық құрдымына тартып кетер қауіпті дерт екенін кеңінен әңгімеледі. Оның құрығына бір түскен адамның құтылуы да қиынға соғатынын айтып өтті. Нашақорларды емдеу де оңай еместігін тілге тиек етті. Студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Спикерлер білім алушы студенттермен тақырыптық түрлі викториналық ойындар өткізіп сұрақ-жауаптар қойылып қызықты өткізілді.