Бүгінде инсульт ауруының алдын алу жұмыстарын жандандыру мәселесі тұр. Өйткені аталмыш ауру жасарып барады. Бұрындары жасы 50-ден асқандар бұл аурудың құрығына іліксе бүгінде 25 жастан енді асқандар да тұзаққа түсуде. Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық орталық ауруханасында невропатолог дәрігер С.Т.Бисүгірова «Инсульттың алдын алу» бойынша емханаға келген қаралушыларға ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Семинарды өткізу мақсаты — инсульт ауруының алдын алу шаралары туралы, яғни қандай жағдайда инсульт ауруы пайда болады, белгілері, дұрыс тамақтану, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берді.
Невролог С.Т.Бисүгірова жүргізген ақпараттық жұмыс пациенттердің инсульттің алдын алу туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған құнды бастама болып табылады. Мұндай іс-шаралар қоғамды қауіп факторлары, симптомдары және инсульттің алғашқы белгілерінде дереу медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы ақпараттандыруда маңызды рөл атқарады.
Инсульттің алдын алу салауатты өмір салтын сақтау, қан қысымын, холестерин мен қант деңгейін бақылау, темекі шегу мен алкогольді шамадан тыс тұтынуды тоқтату сияқты бірқатар шараларды қамтиды. Сондай-ақ пациенттерге ауыр ауруларды анықтауға және оның дамуын болдырмауға көмектесетін тұрақты медициналық тексерулердің қажеттілігі туралы түсіндіру маңызды.
Инсульттің алдын алу туралы ақпаратты таратуға көмектесетін қосымша материалдар дайындалып таратылуда. Инсульттің алдын алу бойынша негізгі ақпарат пен кеңес беретін ақпараттық парақшалар дайындалып, мақалалар жариялануда. Мұның барлығы да аурудың алын алуда негізгі нұсқаулық болмақ.