Денсаулық сақтау қызметкерлері күніне орай өткізілетін спорттық жарыстар денсаулық сақтау қызметкерлері арасында денсаулық пен салауаттылықтың маңыздылығын көрсетудің тамаша тәсілі болып табылады. Мұндай іс-шаралар ұжымдық рух пен әріптестер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға көмектеседі, сонымен қатар күнделікті жұмыстан үзіліс жасауға мүмкіндік береді. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық орталық ауруханасында медицина қызметкерлері күні қарсаңында спорттық жарыс болып өтті.
Айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған сайысты аудандық орталық ауруханасының басшы орынбасары Н.Өндірбеков ашып, әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбек ету жолдарына табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына бақыт тіледі. Мұндай спорттық жарыстарды өткізудің маңызды аспектілері — салауатты өмір салтын қолдау: спорттық іс-шаралар адамдарды физикалық белсенділікке және өз денсаулығына қамқорлық жасауға шабыттандырары сөзсіз. Сонымен қатар, жарыстар денсаулық сақтау қызметкерлері арасында командалық рух пен ынтымақтастықты дамытады.
Медицина қызметкерлері күні олардың еңбегі мен қоғамға қосқан үлесін мойындайтын уақыт. Басшының орынбасары Н.Өндірбековтің жылы лебізі мен тілегі медицина қызметкерлерінің еңбегіне деген құрметті көрсетеді. Спартакиада аудандық аурухана және оған қарасты ЕПМ қызметкерлерінен құралған 7 команда қатысты. Олар спорттың 6 түрінен: шахмат, стол тенисі, арқан тартыс, футбол, волейбол және қашықтыққа жүгіруден бақ сынады. Медицина қызметкерлері күніне орай аудандық аурухана қызметкерлерінің және оның ЕПМ-нің жеті командасының спорттық жарыстарға қатысуы медицина қоғамындағы дене шынықтыру мен ұжымдық жұмыстың маңыздылығын көрсетеді.
Командалар сайысқа түскен спорт түрлері яғни, шахмат, үстел теннисі, арқан тартыс: топтық жұмыс пен физикалық күш-қуатты дамытады. Футбол мен волейболда да медицина қызметкерлері өздерінің ептіліктерін байқатты. Ұзақ қашықтыққа жүгіруде де қаражаяу емес екендіктерін дәлелдеді. Мұндай шаралар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, әріптестер арасындағы ынтымақтастық пен өзара қолдау рухын нығайтады.
Үздік деп танылған спартакиада соңында аурухана қызметкерлері I-орынды жеңіп алса, II-орын емхана қызметкерлеріне бұйырды. Ал III-орын аудандық орталық ауруханаға қарасты Құмкент, Жарты төбе және Сызған дәрігерлік амбулаторияларынан құралған — «Бірлік» командасы иеленді. Жеңімпаздарға және сайысқа қатысушыларға барлық командаларға қомақты сыйлықтар беріліп, алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі орын алған командаларға қосымша сыйлықтар табысталды.