
фото ШПД
Еске салсақ, ақпан айында полицейлер 69 жастағы тұрғыннан үлкен көлемде ақша жымқырған екі ер адамды ұстады.
Зейнеткерге өзін ұялы байланыс операторымын деп таныстырған белгісіз тұлға қоңырау шалып, сим-картасының мерзімі аяқталғанын айтқан. Нөмірінің қызметін ұзарту үшін азаматша СМС-кодты хабарлаған. Араға аз уақыт салып, «құқық қорғаушылар» хабарласып, әйелдің шотында күмәнді операциялар басталғанын және алдыңғы қоңырау шалған адам алаяқ екенін жеткізген.
Дүрбелеңге түскен зейнеткер жиған-тергенін сақтап қалу үшін қаскөйлердің айтқанын бұлжытпай орындайды: есепшотындағы бар ақшаны шешіп алып, оны «сенімді қолға» уақытша сақтауға тапсырған.
Киберпол қызметкерлері күдіктілерді анықтап, жан-жақты және толыққанды тергеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген шығын түгел өтелді.
Сот үкімімен екі күдіктінің әрқайсысына 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Полиция азаматтарды мұқият болуға және жеке деректері мен қаражатын белгісіз тұлғаларға бермеуге шақырады.