Әлеумет Түркістан: 9 мамырға арналған «Батырларға тағзым» онлайн-акциясы өтеді Редактор 05.05.2023 12338 1 оқу мин Биыл «Ер есімі – ел есінде» («Батырларға тағзым») жыл сайынғы акциясы онлайн форматта арнайы аттас платформада https://batyrlargatagzym.el.kz өтеді. Ол қазақстандық батырлар туралы барлық ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді. 9 мамырға жоспарланған республикалық онлайн-шеруге барлық түркістандық тұрғындар қосыла алады. Аталған сайтта орналасқан деректер базасы — соғысқа қатысқан қазақстандық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің есімін мәңгі есте сақтауға арналған электронды ресурс. База онлайн режимде толықтырылып, «Ер есімі – ел есінде» ақпараттық платформасында жинақталады. Сонымен қатар, деректер базасын толықтыруға әрбір қолданушы қатыса алады. Ол үшін оқырман майдан даласына аттанған ата-бабасы туралы деректерді batyrlargatagzym.el.kz сайтына жүктеп немесе мына электронды поштаға жолдауы қажет: elimai2012@gmail.com Жолданған ардагерлер туралы ақпаратта аты-жөні, туған жері мен жылы, әскери атағы, соғыстағы ерліктері туралы толық мәліметтерін көрсетуі керек. Сонымен қатар, фотосуреті де тіркелуі қажет. Естеріңізге сала кетейік, елімізде онлайн-акция өткізуде мұндай тәжірибе әуелден бар. 2020-2021 жылдары карантиндік шектеулер кезінде аталған акция онлайн форматта өткен болатын. Қала тұрғындары оған белсенді қатыса отырып, платформа игілігін кеңінен қолданды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 2999 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 3268 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 6272