Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ 200-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН АЛДЫ Редактор 22.08.2023 8351 1 оқу мин Шымкентте жыл басынан бері 200-ден астам отбасы тұрғын үй көмегін алды. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға жергілікті бюджет есебінен коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге 14 миллион теңгеге жуық жәрдем көрсетілген. Тұрғын үй көмегін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тағайындайды. Өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «e-gov» порталы арқылы жолдауға болады. Тұрғын үй көмегіне үміткер меншік иесі болуы керек және меншігінде бір үйден артық баспанасы болмауы қажет. Әлеуметтік көмек түбіртек бойынша коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығын отбасының бір айдағы жиынтық табысының 5 пайыздан астамын құраған жағдайда тағайындалады. Көмекке мұқтаж азаматтар жеке басын куәландыратын құжат, жұмыс орнынан жұмысқа орналасқаны бойынша бұйрық немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама; балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер; банктік шот; коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған түбіртектер; алдыңғы тоқсандағы түбіртектер мен телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот және жалға алған тұрғын жайдың келісім шартының көшірмесін тапсырулары қажет. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті 1 оқу мин Әлеумет 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті 11.09.2025 4470 2025 жылы «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттарының 449 иегерлері жарияланды 1 оқу мин Әлеумет 2025 жылы «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттарының 449 иегерлері жарияланды 11.09.2025 3676 «Кең баба» саябағы мемлекет меншігіне қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет «Кең баба» саябағы мемлекет меншігіне қайтарылды 11.09.2025 2918