Әлеумет ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 6 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП АШЫЛДЫ Редактор 03.09.2023 6833 1 оқу мин 1 қыркүйек күні Сайрам ауданындағы Қайнарбұлақ ауылдық округінде аудандағы алғашқы «GREEN SCHOOL» инновациялық жайлы мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Заманауи білім нысаны STEAM жүйесі арқылы оқытылады. Бұл — қоғамға қызмет ету арқылы қоршаған ортаны аялайтын көшбасшылар, жас ғалымдар мен талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін әдіс. Мұндай тәсілмен мектептерде ұжымда немесе жеке жұмыс жасауды, қарым-қатынас жасауды, ойлаудың түрлі әдістерін қолдануды үйренуге мүмкіндік беріледі. Өмірде пайдалы болатын білім ең құнды. Аталған іс-шараға аудан әкімі Арман Сәбитов қатысып, жаңа білім ордасының лентасын қиды. Аталған оқу орнында аудан оқушыларынан бөлек еліміздің түпкір-түпкірінен оқушылар келіп білім алады. 600 орындық мектепте 300 оқушы бар. 37 педагог жұмыс істейді. Білім нысанында ұстаздардың толыққанды жұмыс істеп, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беруге барлық мүмкіндіктері бар. Балалардың қауіпсіздігі мақсатында арнайы видеокамералар мен Face ID орнатылған. Барлық оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтылатын болады. Жаңа оқу жылында аудан бойынша 7 жекеменшік мектеп ашылу жоспарланса, оның 6 мектебі 1 қыркүйекте пайдалануға берілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Мемлекеттік бағдарламамен үй алып бермек болған… Әлеумет Мемлекеттік бағдарламамен үй алып бермек болған… 11.02.2025 4805 Әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка беріледі 1 оқу мин Әлеумет Әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка беріледі 05.02.2025 27698 САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАҢА МӨЛТЕК АУДАН БОЙ КӨТЕРЕДІ 1 оқу мин Әлеумет САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАҢА МӨЛТЕК АУДАН БОЙ КӨТЕРЕДІ 04.02.2025 28321