Әлеумет КЕНТАУДА ЕГІЗ ҚЫЗ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҚТЫ Редактор 03.09.2023 21364 1 оқу мин Түркістан облысында білім күні кең көлемде аталып өтуде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей қадағалауымен жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Кентау қаласында да 1 қыркүйек – Білім күні ерекше басталды. Қаладағы №23 Ә.Бөкейханов атындағы жалпы орта мектебінде алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Мерекелік шараға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қатысып, ұстаздар мен оқушыларға ақжарма тілегін білдірді. – Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап етеді. Соның ішінде білім саласындағы жасампаз өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Бұл орайда мемлекетіміз көштен қалған емес. Мемлекетіміздің тікелей қамқорлығының арқасында білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Осы орайда ұстаздардың да рөлі ерекше екендігін айта кеткен жөн, – деді қала әкімі. Мерекелік жиында мектеп табалдырығын аттаған егіздер Ясмина мен Ясина алғашқы қоңырау соқты. Бірінші сыныпқа барған апалы-сіңілі егіздер мектепке келуге асыққандарын, сыныпта ең үздік оқушы болатындарын айтады. Салтанатты шарада бірінші сынып оқушысы атанған бүлдіршіндерге жоғары сыныптың үздіктері «Әліппе» мен «Букварь» кітабын табыс етті. Сондай-ақ білім күніне арналған әсем әуендер шырқалып, жыр-шумақтар оқылды. Шарадан соң қала әкімі сыныптарды аралап, оқушылармен тілдесті. Айта кетейік, биылғы оқу жылында Кентау қаласы бойынша 28 мектеп есігін айқара ашты. Қалада 1905 мұғалім еңбек етіп, 20 058 оқушы білім алғалы отыр. Соның ішінде 2189 оқушы 1-сыныпқа қабылданған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 6122 Жалған нөмір жарға жықты… 1 оқу мин Әлеумет Жалған нөмір жарға жықты… 08.09.2026 5448 Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды Әлеумет Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды 01.09.2026 8751