Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 188 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ Редактор 08.09.2023 9377 1 оқу мин Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ардақ Садықова айтты. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 187 832 бала қыркүйектен бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұған дейінгі талдау нәтижесі бойынша облыстағы 110 асханасы жоқ мектептерде қосымша бөлмелер қарастырылып, ыстық тамақ беруге жағдай жасалды. Сондай-ақ, 51 мектепке модульдік асхана салу қарастырылуда, — деді Ардақ Мәдіханқызы. Брифинг барысында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мектеп асханаларының санитариялық талаптары мен ондағы тағамның қауіпсіздігі жіті бақылауда болатынын жеткізді. Айта кетейік, өңірдегі мектеп асханаларының дайындығын пысықтау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары өз тараптарынан білім бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, тиісті шараларды жүзеге асыруға кіріскен. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Мас жүргізуші майып қыла жаздады 1 оқу мин Әлеумет Мас жүргізуші майып қыла жаздады 20.02.2026 5926 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА НАУРЫЗЕК ҚҰСЫ ОРАЛЫП, БӘЙШЕШЕК ГҮЛДЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА НАУРЫЗЕК ҚҰСЫ ОРАЛЫП, БӘЙШЕШЕК ГҮЛДЕДІ 18.02.2026 6151 «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 24857