Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 188 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ Редактор 08.09.2023 12455 1 оқу мин Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ардақ Садықова айтты. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 187 832 бала қыркүйектен бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұған дейінгі талдау нәтижесі бойынша облыстағы 110 асханасы жоқ мектептерде қосымша бөлмелер қарастырылып, ыстық тамақ беруге жағдай жасалды. Сондай-ақ, 51 мектепке модульдік асхана салу қарастырылуда, — деді Ардақ Мәдіханқызы. Брифинг барысында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мектеп асханаларының санитариялық талаптары мен ондағы тағамның қауіпсіздігі жіті бақылауда болатынын жеткізді. Айта кетейік, өңірдегі мектеп асханаларының дайындығын пысықтау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары өз тараптарынан білім бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, тиісті шараларды жүзеге асыруға кіріскен. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды Әлеумет Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды 01.09.2026 7776 Алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды 28.08.2026 6614 Мемлекеттік нөмірдегі бір әріптің өзгеруі қамаққа алуға әкеліп соқты 1 оқу мин Әлеумет Мемлекеттік нөмірдегі бір әріптің өзгеруі қамаққа алуға әкеліп соқты 25.08.2026 5941