Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «KITAP TIME – 2023» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ Редактор 17.09.2023 10234 1 оқу мин Бүгін Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының алаңында жалпы республикалық «Kitap Time — 2023» фестивалі өтті. Еліміз бойынша бір мезетте ұйымдастырылған шара мақсаты кітап оқу мәдениетін көтеру, әдеби кітаптарды насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болып саналады. Шараны аталған кітапхана директоры Жанат Шардарбекова ашып берді. Жиынға Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Түркістан облысының құрметті азаматы Бақытжан Жармаханұлы және зиялы қауым өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Өнертану доценті, әнші, композитор Сауранбек Елеуовпен кездесу ұйымдастырылды. Автордың орындауында әндер шырқалды. Облыстық кітапхана ұжымы бұл шараны Түркістан және Кентау қалалық мен Сауран аудандық кітапханаларымен бірлескен түрде ұйымдастырған. Фестиваль аясында келушілерге «Ғажайып кітап әлемі» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды. Сондай-ақ кітап жәрмеңкесі, «Автограф Time» сынды шаралар өткізілді. Балалар бағыты да назардан тыс қалмады. Кішкентай оқырмандар өлең оқып, талант иелері өнер көрсетті. Айта кетейік, республика көлемінде биыл екінші рет ұйымдастырылған фестивальге облыстағы 396 кітапханалар жүйесі де атсалысты. Әрбір кітапханада кітап оқуға шақыратын ерекше шара мен оқырманмен кездесулер ұйымдастырылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 21612 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 27870 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 33558