Әлеумет САЙРАМДА 2100 ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Редактор 21.09.2023 11094 1 оқу мин Бүгінде жайылым тапшылығы әр өңірде кездесетін өзекті мәселеге айналды. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берген болатын. Соның нәтижесінде еліміздің әр өңірінде пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүруде. Жалпы Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы жайылымды жерлерді қайтару жоспары — 5,5 мың гектар жер. Ал ауданның жалпы жер қоры – 114 761 гектар жерді құрайды. Жайылым жер көлемі – 24,5 мың гектар. Бүгінде 9 айда – 2100,5 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ қайтару бағытында – 473,6 гектар жер, ол 13 іс сотта қаралуда. Бүгінде Қайнарбұлақ ауылдық округінде 1049 гектар мемлекет меншігіне өткен. Биыл Құтарыс ауылдық округі 126 гектар қайтарылса, ал 285 гектар жайылымдық жер учаскесіне ауыл тұрғындарының малын жаю үшін ауылдық округ әкімі аппаратына тұрақты пайдалануға беру мәселесі қаралып, Жер комиссиясының оң қорытындысы берілген. Жалпы Сайрам ауданында жайылымдық жер учаскелерін қайтару бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жайылымдарды елге қайтару жұмысы жалғасатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 35720 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 68332 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 64335