Әлеумет САУРАНДА ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Редактор 27.09.2023 8883 1 оқу мин Еңбек күніне орай Сауран ауданында аймақ басшысы Ғалымжан Үсенбаев тұрғындарды атаулы мерекемен құттықтап, еңбекте бағы жанған азаматтарға құрмет көрсетті. — Бұл мереке — адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі. Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген сіздердің ерен еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық. Ғұмырын еліміздің өркендеуіне арнаған еңбек ардагерлеріне, аға буынның тәлімгерлік жолын жалғап ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген азаматтарымызға зор ризашылығымды білдіремін! Баршаңызды осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деді аудан әкімі. Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов еңбек ардагерлерін марапаттап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 34351 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 66819 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 62899