Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «BOLASHAQ» «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы және Жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірге «Өскенде кім боласың?» атты кәсіби бағдар беру мен мамандықты таңдауға көмектесу жобасы болып өтті. Аталған жобаның мақсаты әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесу болып табылады. Жобаның негізгі міндеттері — Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру, Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту; Мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға жан- жақты ақыл кеңес, бағыт бағдар беру; Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу. Жобаның тиімділігі/нәтижелігі: Оқушы өзінің табиғи әлеуеті мен танымдық мүмкіндігін таниды; Ішкі қажеттіліктері және бейімі негізінде кәсіп жолын анықтайды. Тікелей эфирге Facebook желісі арқылы «BOLASHAQ» халықаралық бағдарламасының түлектері, Жоғары оқу орындарының өкілдері, Кентау, Төлеби ауданының жалпы орта мектептерінің (9-10-11 сынып) оқушылары, олардың ата-аналары қатысуда. Қатысушы ауданға алдын-ала сілтеме беріліп отырады. Тікелей эфирде Мусина Венера Тлетаевна – Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы. Муксинов Ернат Бекайдарович — Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті география кафедрасының оқытушы педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы. Жоғары оқу орынының өкілдері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті туралы толық ақпарат беріп қатысушылармен кері байланыс жасап, ашық пікір алмасып түлектер, ата-аналар өзерінің қызықтыратын сұрақтарына жауап алды.