Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 76 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ Редактор 06.10.2023 11554 1 оқу мин Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы өкілдері мәлімдеді. Сондай-ақ, брифингте өңірді газбен қамту жұмыстары мен қауіпсіздік шаралары жайлы айтылды. — Түркістан облысы бойынша 833 елді мекен бар. Оның 470-і газдандырылған, бұл 56%-ды құрайды. Қазіргі таңда Түркістан облысында 29 газ тарату станциясы бар болса, оның 9-ы биылғы жылы қайта жаңғыртудан өтті. Жылдың басынан бері 19 елді мекен газ желісіне қосылды. Жыл соңына дейін тағы 57 елді мекенді газ желісіне қосу жоспарлануда. Сонда жалпы биыл 76 елді мекен газға қосылады -деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының бөлім басшысы Ғани Бақытжанұлы. Сонымен қатар, мекеменің бөлім басшысы Бекнұр Қайратұлы Түркістан облысы бойынша газ тарату станцияларына қысқы дайындық жұмыстары толықтай жүргізіліп, өңір жылыту маусымына 100% дайын екендігін жеткізді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 1 оқу мин Әлеумет Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 09.07.2026 5271 Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 1 оқу мин Әлеумет Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 03.07.2026 6729 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 1 оқу мин Әлеумет 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 01.07.2026 8042