Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасында «Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» облыстық семинары өтті. Семинарға облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков және аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары, тіл мамандары қатысты. – Түркістан облысында Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Облыста 17 аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтары бар. Орталықтарда 22 әдіскер, 31 қазақ тілі, 18 орыс тілі, 24 ағылшын тілі маманы жұмыс істейді. Бүгінде oқыту жүйecіндe шeбepлік пeн кpeaтивтілікті бapыншa көpceтуді тaлaп eтіп oтыp, – деді Әділ Нұржанұлы. Шара барысында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ғалымдары мен Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің білікті мамандары қатысып, ағылшын тілдерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды. Атап айтқанда, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың оқытушысы Зада Сахитжанова «Action research in TFL» тақырыбында, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ педагогикалық шетел тілдері кафедрасының оқытушысы, доцент Бердібай Тұрлыбеков «Шет тілі мамандардың академиялық дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру» және Түркістан қаласы Н.Төреқұлов атындағы №8 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Нигора Атаханова «Ағылшын тілін интербелсенді әдістер арқылы меңгерту жолдары» тақырыбында семинар қатысушыларына өз тәжірибелерімен бөлісті. Айта кетейік, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен семинар мақсаты – Қазақстан Республикасында Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аудан, қаладағы тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлерінің біліктілігін арттыру, мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолданысқа енгізу.