Әлеумет Кітапханашылар слеті өтті Редактор 06.10.2023 18950 1 оқу мин Бүгін Түркістан облысына қарасты Сауран ауданында «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақпараттық мәдениет – кітапханашы, оқырман, кітап» атты Түркістан облыстық кітапханашылар слеті өтті. Шараға Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бөлімінің маманы Нұрдәулет Сұлтанбек, «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова және 17 аудан-қаладағы кітапхана делегациялары қатысты. Шараның ашылуында басқарма өкілі Нұрдәулет Келдібекұлы слеттің маңызына тоқталып өтті. Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова аталмыш шараға модератор болып, жалпы облыс кітапханалары туралы, сонымен қатар ондағы күрделі мәселелер мен даму жағдайы туралы атап өтті. Сондай-ақ кітапханашының қоғамдағы орны мен беделіне тоқталды. Шара барысында түрлі тақырыпта аудан-қаладан келген өкілдері баяндама жасап, атқарылған жұмыстар тыңдалды. Сонымен қатар алдағы жоспарлар таныстырылды. Келелі мәселелер қозғалып, ұсыныстар берілді. Кітапхана басшысы негізгі жиыннан соң бірқатар кітапханашыларға алғыс хат табыстады. Шарадан соң слетқа қатысушыларға Укаша ата кесенесіне зиярат ұйымдастырылып, ас берілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 2911 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10968 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9555