Әлеумет Жылжымалы кітапхан пункті ашылды Редактор 07.10.2023 9006 Түркістан облысына қарасты Отырар ауданы әкімдігінің ғимаратынан жылжымалы кітапхан пункті ашылды. Орталықтың ашылуына аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов қатысып, мемлекеттік қызметшілердің кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастаманың тиімділігін атап өтті. Айта кету керек, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың тапсырмасымен «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында іске асуда. Жобаның мақсаты – билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін қалыптастыру. Кәсіби маман болып, біліктілігін үздіксіз арттыруға тырысатын әр адам өзін дамытуға уақыт пен мүмкіндік таба алуы керек. Ал адамды тәрбиелейтін бірден бір құрал ол – кітап. Қоғам алдында белгілі бір міндеттемелері бар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуден бастап халықаралық қатынастарға дейінгі салаларда мемлекеттік саясатты айқындайтын және оны іске асыратын мемлекеттік қызметшілер үшін бұл өте қажет. Орталықтағы кітап қорымен танысқан аудан басшысы игі бастаманы қолдайтынын айтып, кітапханашылардың жұмысына сәттілік тіледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 21711 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 28065 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 33704