Түркістан облысына қарасты Арыс ауданындағы жалпы білім беретін орта мектептерде жаңа заманауи білім үрдістері енгізілуде. Оқушылардың көшбасшылық қасиетін дамыту мақсатында түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда. Жуырда Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Жұмабек Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде Ұстаздар күніне орай «Өзін -өзі басқару ұйымы мен «Жас — Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Дублер күні», яғни білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті. Дублер күнінің мақсаты — мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. «ДУБЛЕР КҮНІН» өткізу мақсатында мектепте «Өзін-өзі басқару» ұйымы 11 сынып оқушыларымен 10 сынып оқушылардан бастамашыл топ құрылды. Сонымен қатар жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды. Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін мектеп Парламент Президенті, 11сыныппен 10 сынып оқушылары атқарды. Дублер күнінің міндеттері: Білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқаруға тарту; Білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қалыптастыру; барлық параллельдердің білім алушылары арасындағы достастықты нығайту болып табылады. Бұдан кейін, Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «Аққала» жалпы білім беретін мектебінде 5 — қазан «Ұстаздар мерекесіне» орай мектеп тәлімгері Омарова Асылзат Жақсылыққызы «Өзін-өзі басқару » ұйымының ұйымдастыруымен «Ұстаздық еткен жалықпас!» атты мектеп парламенті мүшелерінің қатысуымен «Дублер күні» іс-шарасы жоспары жасалып, өткізілді. Мақсаты: «Өзін-өзі басқару » ұйымының жұмысын жандандыру, оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін ашу, дамыту.Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар «Дублер күні» алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікірлерімен бөлісті. Дублер күні — оқушылар мұғалім болып, өзін-өзі басқара алатын, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алды.