Әлеумет Кітапханашылар бас қосты Редактор 08.10.2023 11608 1 оқу мин Кітап оқу мәдениетін насихаттау бағытында бүгінде Түркістан облысында түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сауран ауданында «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақпараттық мәдениет – кітапханашы, оқырман, кітап» атты Түркістан облыстық кітапханашылар Слеті басталды. Шараға Облыстық мәдениет және туризм басқармасының тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бөлімінің маманы Нұрдәулет Сұлтанбе қатысып, Слеттің маңызына тоқталып өтті. Облыстық кітапхана басшысы Жанат Құдайбергенова аталмыш шараға модератор болып, жалпы облыс кітапханалары туралы, сонымен қатар ондағы күрделі мәселелер мен даму жағдайы туралы атап өтті. Шара барысында түрлі тақырыпта аудан-қаладан келген өкілдердің баяндамалар тыңдалады. Келелі мәселелер қозғалып, ұсыныстар берілді. Жаңа жобалар мен тың жайында пікір алмасу болды. Жиынға облыс көлемінен 80-ге жуық кітапханашылар бас қосты. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Үздік жас кітапханашы – 2023» республикалық байқауының қорытынды кезеңі аясында «Қазақстанның креативті жас кітапханашыларының бірінші сессиясы» өтті. «Үздік жас кітапханашы – 2023» республикалық байқауында Түркістан облысы атынан Төлеби аудандық кітапханасының кітапханашысы Турдиева Балкерім қатысып жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Мас жүргізуші майып қыла жаздады 1 оқу мин Әлеумет Мас жүргізуші майып қыла жаздады 20.02.2026 5808 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА НАУРЫЗЕК ҚҰСЫ ОРАЛЫП, БӘЙШЕШЕК ГҮЛДЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА НАУРЫЗЕК ҚҰСЫ ОРАЛЫП, БӘЙШЕШЕК ГҮЛДЕДІ 18.02.2026 5945 «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 24799